Мен, Оңғарбаев Ердос Калимуллаұлы, 1976 жылы туған, ұлтым – қазақ, 1996 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химия факультетін «химия» мамандығы бойынша бакалавриатты, 1998 жылы магистратураны үздік бітірдім. 1998 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми-техникалық ақпарат бөлімінің жетекші инженері қызметін атқардым. 2001 жылы «мұнай химиясы» және «химиялық физика» мамандықтары бойынша «Мұнайлы қалдықтардағы физика-химиялық түрленулер және оларды пайдалану тәсілдерін әзірлеу» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғадым. 1998 жылдан бері химиялық физика кафедрасында ассистент, аға оқытушы болып жұмыс жасадым. 2003 жылдан химиялық физика және жоғары молекулалық қосылыстар химиясы кафедрасында доцент қызметін атқардым. 2005 жылы «доцент» ғылыми атағын алдым. 2007 жылдың қазан айынан 2009 жылдың мамыр айына дейін химия факультеті деканының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары міндетін атқардым. 2010 жылдың 31 тамызында «Ауыр мұнайлар мен мұнай қалдықтарын кешенді өңдеудің ғылыми негіздері» тақырыбында докторлық диссертация қорғадым (13.05.2011 бекітілді). 2010 жылдың қараша айынан 2018 жылдың қыркүйек айына дейін химия факультетінің деканы қызметін атқардым. 2018 жылдың қаңтар айынан бері химиялық физика және материалтану кафедрасының профессоры қызметін атқарамын. 2009 жылдан бері Жану проблемалары институтында көмірсутек шикізатын тотықтыру процестері зертханасының меңгерушісі болып қосымша жұмыс жасаймын. 377 ғылыми жұмыс жарияланған, оның ішінде 5 монография, 8 оқу құралы, 4 әдістемелік құрал, 7 типтік бағдарлама, 16 ҚР алдын-ала патенті мен патенттері, 148 ғылыми мақала мен 186 ғылыми конференциялардың материалдары мен баяндама тезистері жарияланған. Химиялық физика және мұнай химиясы саласындағы білікті маманмын. Ғылыми зерттеулер саласы ауыр мұнайлар, мұнайдың ауыр қалдықтары, мұнайбитумды жыныстарды өңдеу, мұнай битумдарын өндіру және түрлендірумен байланысты. 18 ғылыми жобаны орындауға қатысып, әрі жетекшілік жасадым. Менің ғылыми жетекшілігімен 1 кандидаттық, 3 PhD диссертация қорғалды. Қазіргі уақытта 2 докторанттың және гранттық қаржыландырылатын 2 ғылыми жобаның ғылыми жетекшісімін. 2002 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығымен «Ғылым» аталымы бойынша марапатталдым. 2000-2001, 2004-2005, 2008-2010 жылдары Қазақстан Республикасы талантты жас ғалымдарға арналған мемлекеттік стипендияның, 2006 жылы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері атандым.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Жоғары |
1998 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
---|---|---|
Кандидат |
22.05.2001 |
|
Доктор |
01.11.2012 |
Ғылыми атағыңыздың атауы |
Тағайындалған күні |
---|---|
доцент |
09.09.2005 |
профессор |
08.12.2017 |
Сыйлықақылар атауы | Берілген күні |
Ы.Алтынсарин төсбелгісі | 29.05.2014 |
Мемлекеттік грант "2005 жылғы ЖОО үздік оқытушысы" | 01.01.2006 |
Қазақ университетi 2011 - г. 15 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Материалтану
Қазақ университетi 2012 - г. 9 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Мансуров З.А., Кудайбергенов К.К.
Химиялық физика
"Қазақ университеті" 2013 - г. 15 - стр. ҚАЗАҚСТАН
"Қазақ университеті" 2015 - г. ISBN 978-601-04-1024-4 26 - стр. ҚАЗАҚСТАН
"Қазақ университеті" 2014 - г. ISBN 978-601-04-0775-6 10 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Мансуров З.А., Кудайбергенов К.К.
" Қазақ университеті " 2015 - г. ISBN 978-601-04-1024-4 418 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Мансуров З.А., Абдулкаримова Р.Г., Керимкулова А.Р.
Химия и химическая технология
" Қазақ университеті " 2017 - г. ISBN 978-601-04-2202-5 25 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Мансуров З.А., Досжанов Е.О.
Переработка тяжелого углеводородного сырья и отходов
Қазақ университеті 2017 - г. 411 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Материалтану
" Қазақ университеті " 2017 - г. 16 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Qazaq university 2017 - г. 20 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Химиялық физика
"Қазақ университеті" 2018 - г. 24 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Материалтану
"Қазақ университеті" 2019 - г. 18 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Нанотехнологияның іргелі негіздері: оқу құралы
" Қазақ университеті " 2020 - г. 6 - стр. ҚАЗАҚСТАН
"Дарын баспасы" ЖШС 2023 - г. 16 - стр. ҚАЗАҚСТАН
51
құжаттар
9